Chords.kz сайт туралы
Chords.kz – кәсіби музыканттар дайындаған дұрыс және жеңіл аккордтарға арналған жалғыз қазақстандық сайт. Біздің ерекшелігіміз – қазақ әндеріне аккордтар кітапханасын қостық. Егер сіз жаңадан бастаушы болсаңыз, онда сіз үшін жеңілдетілген аккордтардың нұсқасы бар.
Chords.kz сайтында сізге қажет нәрсенің бәрі бар, сондықтан бірнеше ресурстар бойынша қосымша ақпарат іздеудің қажеті жоқ. Біз сізге аккордтарды үйренуге назар аударуға және гитарада сүйікті әндеріңізді ойнауға көмектесетін барлық ыңғайлы және қажетті мүмкіндіктерді қостық.
Сіз мұнда:
- Үндестілігін таңдай аласыз
- Оңайтылған аккордтардың опциясын таңдай аласыз
- Ән тыңдайсыз немесе бейнені қарайсыз (егер YouTube сайтында бар болса)
- Таңдаулы әндерді есептік жазбаңыздағы таңдаулыларға қоса аласыз
- Тіпті дайын файлды басып шығара аласыз
- Ғаламторда қазақ орындаушыларының әндеріне аккорд табу өте қиын, әсіресе қазақ тілінде. Сондықтан, біз қазақ әндерінің тұтас кітапханасын жинап, сайтты түгел қазақ тіліне аударуға ерекше күш салдық.
Барлығы сізге ыңғайлы болу үшін!
Ал егер сіз chords.kz сайтында қатені байқасаңыз, бізге senvoicestudio@gmail.com мекенжайына жазыңыз, біз бірге сайтты бұдан да жақсартамыз!
Қазақстандық музыка индустриясының дамуына үлес қосқысы келетіндер және сайтты уақытша жетіспейтін аккордтармен толықтыру арқылы стартапымызға көмектескісі келетіндер үшін senvoicestudio@gmail.com мекенжайына жазыңыздар.