26 қараша 2023
Ташкентте 25 қараша күні кешке Jah Khalib сахналық атымен танымал қазақстандық рэпер Бақтияр Мамедовтың концерті алдында жан түршігерлік төбелес пен тәртіпсіздік орын алды, - деп хабарлайды Tengri Life Upl.uz сайтына сілтеме жасап.
Көпшілік жиналған Humo Arena спорт кешенінің кіреберісінде түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап кетті. Концертке билетті сатушылардан сатып алған көптеген көрермендерді шараға жібермегені хабарланды.
Қазіргі жағдайға Өзбекстан Ұлттық ұланының департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның хабарламасында Ұлттық ұланның сол жердегі кезекші қызметкерлері оқиға орнынан қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікті азаматтардың барлығы қауіпсіз аймаққа жеткізіліп, болуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алғаны атап өтілген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.