06 наурыз 2023
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қазақстандық диджей және Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов бейнеленген экран пайда болды. Бұл туралы музыкант Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Life.
Иманбек 300 Entertainment және Effective Records дыбыс жазу студиясына оларды қабылдағаны үшін алғысын білдірді.
Экранда Иманбек пен америкалық әнші Тревор Дэниелдің In The Morning атты жаңа трегі жарнамаланады.
Бродвей мен Жетінші авеню қиылысында орналасқан Таймс-сквер әлемдегі ең көп баратын көрнекті орындардың бірі болып табылады. Алаң «әлемнің қиылысы» деп аталады, ол Нью-Йорк пен бүкіл Америка Құрама Штаттарының символы болып табылады.