20 наурыз 2024
Оны әншінің күйеуі РайМ қабылдады.
Күні кеше Райымбек Бақтыгереев (RaiM) Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен шығармашылық индустрия өкілдерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Liter.kz .
Орындаушының жары, әнші Ерке Есмахан Insta stories-те RaiM-ның мемлекет басшысынан алған сыйлығын көрсетті. Жарияланған фотосуретте қаламы, сағаты және ашық хаты бар дәптер бейнеленген.
Кеше президенттің сыйлығын көрсетпесем, Райым көрсетпейді. Ендеше, менің қандай керемет екенімді айтыңыз», – деп Ерке суреттерге қолтаңбасын қалдырды.
Дереккөз: Liter.kz