23 қараша 2023
Жазылушылар Райым мен Ерқаға ақ тілектерін жазып, жаңа туған сәбиіне ұзақ ғұмыр тілейді.
Танымал жұп Райым мен Ерке Есмахан ұлдың ата-анасы атанды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Естеріңізге сала кетейік, ерлі-зайыптылар 2023 жылдың қаңтар айының соңында үйленді. Одан кейін көптеген желі қолданушылары Еркенің Райымнан 12 жас үлкен екенін айтып, абдырап қалды.
Дегенмен, қазір жұпқа жұртшылық көбірек таңданады.
Әнші Райым Instagram парақшасында олардың ұлды болғанын жазды.
«Әл-хамду ли-лла! Дүниеге қош келдің, балам!» - деп жазды сәбидің әкесі.
Желі қолданушылары өнер иесін осындай таңғаларлық оқиғамен құттықтады.