28 мамыр 2024
Бұл туралы суретшінің өзі әлеуметтік желіде хабарлады.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында хабарлама қалдырды, деп хабарлайды Liter.kz .
Ақпарат жаңа клипке қатысты.
29 мамырда Астана уақытымен сағат 20.00-де YouTube арнамда Smoke әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері болатынын қуана хабарлаймын. Жаңа жұмысымыз – америкалық және қазақстандық бейнережиссерлердің ынтымақтастығы», – деп жазды Димаш.
Ол бұл қызықты тәжірибе болғанын және тыңдаушыларға жаңа оқиғаны ұнатады деп күтетінін айтты.