02 ақпан 2024
Биыл 24 мамырда әлемге әйгілі қазақ орындаушысы Димаш Құдайберген 30 жасқа толады. Туған күнінде өнер иесі Ыстамбұлдағы «Бешикташ» стадионында жеке концертін бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Димаштың жеке концерті туралы BWO Entertainment оқиғаны басқарушы компания әлеуметтік желіде жариялады.
— Әлемдегі ең ерекше дауыс – «Бешиктас» стадионында! Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылымға шығады! Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына арналған концерт, делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Бешикташ» стадионы 1947 жылы Стамбулдың еуропалық бөлігінде, Босфор жағалауынан алыс емес жерде ашылған. Қазіргі уақытта стадион 42 000-ға жуық көрерменге арналған.