Димаш Құдайберген Сербияда беделді марапатқа ие болды

Басты бет Мақалалар Димаш Құдайберген Сербияда беделді марапатқа ие болды

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сербияда беделді Karić Brothers сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Қуанышты оқиға туралы Димаш Instagram парақшасында бөлісті. 

«Бүгін мен Сербияның Белград қаласында ағайынды Карич сыйлығын алдым. Мені үнемі қолдап жүретін тыңдармандарыма шын жүректен алғыс айтамын. Бұл сыйлық әлемге танымал ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне беріледі», — деп жазды Димаш.

 Димаш атап өткендей, 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы 150-ден астам дарынды адамға – Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферовке, П.Хандкеге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа, кинорежиссер Е.Кустурицаға, қоғам қайраткері М. Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал.

Поделиться:
Наверх

Қазақ орындаушыларының аккордтар және әндер сайты