17 наурыз 2024
Тенор жоғары құрметке лайық.
Әнші Димаш Құдайберген танымал опера әншісі Пласидо Домингоға шапан сыйлады, деп хабарлайды Liter.kz.
Өнер Instagram желісіндегі парақшасында бейнежазбасының астына жазған жазбасында туған жерге деген терең сезімін, биік таулардың, терең өзен-көлдердің, кең даланың сұлулығын жырламайтын әнші жоқ екенін жазған.
ХХ ғасырдың ең үздік опера әншісі Пласидо Доминго өзінің тамаша талантымен өз халқының үздік шығармаларын әлемнің барлық елдеріне жеткізе білген Пласидо Доминго мырза жоғары құрметке лайық. Сондықтан қазақ халқының дәстүрі бойынша тенордың иығына шапан тастадым», – деп жазды Димаш.
Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсан айында әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенді Еуропалық «Виртуози» телешоуының қазылар алқасына шақырған болатын.
Дереккөз: Liter.kz