Димаш Құдайберген Гонконгта өтетін концерті туралы айтты

Басты бет Мақалалар Димаш Құдайберген Гонконгта өтетін концерті туралы айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желісінде қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Димаш әлеуметтік желідегі оқырмандарына Гонконгта жеке кеш өткізіп жатқанын айтып, мұны өнер жолындағы қызықты сәтімен байланыстырды.

«Құрметті! 23 желтоқсанда Гонконгта жеке концертім болатынын қуана хабарлаймын! Бұл ерекше күн. Өйткені дәл осы күні, 7 жыл бұрын мен Қытайға алғаш рет келдім. Содан кейін менің шығармашылық жолымның маңызды сәттері басталды! 7 саны қазақ халқына ғана тән. Сондықтан, осы мерейтойда біз сіздермен Гонконгтағы STRANGER концерттік турымды жалғастыру үшін кездесетінімізге қуаныштымын! Жақында билеттер сатыла бастайды», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Поделиться:
Наверх

Қазақ орындаушыларының аккордтар және әндер сайты