Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің басшысымен кездесті

Басты бет Мақалалар Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің басшысымен кездесті

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде болды. Ол БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің басшысы Татьяна Валовамен және Қазақстанның тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаевпен де бірге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

— Кеше, 6 қарашада мен әсем қала Женевада болдым, онда Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева бөлімшесінің басшысы Татьяна Валовамен кездестім. Кездесу барысында біз бірлескен жобалардың алдағы перспективаларын талқыладық. Сондай-ақ олар танымал тұлғалардың жалпы адамзаттық құндылықтарды, бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті», - деп бөлісті Димаш Instagram парақшасында.

Ол сондай-ақ Ұлттар сарайында болып, өнер туындыларын, тарихи құжаттар мен Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағатындағы заттарды тамашалады. Кейін Димаш Құдайберген Уилсон сарайында – БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңсесінде және Халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өткізді.

— Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде болып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесті. Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаевпен кездесу барысында мен Қазақстанның Женева алаңындағы жұмысының басым бағыттары туралы білдім», - деп қосты әнші.

Поделиться:
Наверх

Қазақ орындаушыларының аккордтар және әндер сайты