18 желтоқсан 2023
94 жастағы танымал опера әншісі, халық әртісі Бибігүл Төлегенова баршаға батасын беріп, сүйікті әнін шырқады, деп хабарлайды Liter.kz abainewskz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде аты аңызға айналған әншінің қатысуымен бата беріп, сүйікті әнін қазақ тілінде орындаған жаңа бейнебаян пайда болды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні халық әртісі туған күнін атап өтті. Аты аңызға айналған Бибігүл Ахметқызын алғашқылардың бірі болып қазақ әншісі Димаш Құдайберген құттықтады.