20 қазан 2023
Танымал эстрада әншісі Мейрамбек Беспаев «Аспан FM» радиосын ашады. Бұл туралы жаңа радионың директоры Айман Нұразхан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
– Жаңа радио ашқалы жатқанымыз рас. Оны Мейрамбек Беспаев ашып отыр. Ол «98,9» толқынында хабар таратады, - деді Айман Нұразхан ҚазАқпарат тілшісіне.
Оның айтуынша, радио ашу суретшінің бала күнгі арманы болған.
— Мейрамбек бала кезінен радио ашуды армандаған. Ал «Аспан FM» атауын ақын Қалқаман Сарин қойған, дейді Айман Нұразхан.
«Аспан FM» радиосы 7 қарашадан бастап эфирге шығады. Қазір радиотолқында шырқалатын әндерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде.
— Қазір тестілеу жұмыстары жүріп жатыр. Әрине, алдымен қазақ музыкасы ойналады. Сондай-ақ танымал әндер орындалады. Ал радиохабарларға келсек, әзірге құпия болып қалсын, бірақ саясатты қозғамаймыз. Мұнда музыкаға басымдық беріледі», - деді директор.