Астанада «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Басты бет Мақалалар Астанада «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Биылғы жылы марапатқа 300-ге жуық өтініш келіп түскен.

Астанада «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыйлыққа 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Байқауға республикалық және облыстық телеарналар, кәсіби телеконтент шығаратын студиялар мен компаниялар қатысты.

Tumar 2023 сыйлығының жеңімпаздары:

Үздік ақпараттық бағдарлама: «Күнделікті формат» – Atameken Business;
Үздік әлеуметтік жоба: «Жанашыр» – «Жетісу» телеарнасы;
Үздік аналитикалық бағдарлама: Apta – Qazaqstan телеарнасы;
Үздік ток-шоу: «1001 түн» – Qazaqstan телеарнасы;
Үздік аймақтық телеарна: «Каспий жаңалықтары» – Атырау қаласының телеарнасы;
Үздік деректі фильм: «Абайдың әні күні» – «Хабар» телеарнасы;
Үздік ойын-сауық бағдарламасы: «Tungi Studio» – Jibek Joly телеарнасы;
Үздік журналистік зерттеу: «Арнайы репортаж» бағдарламасы – «Хабар 24» телеарнасы;
Үздік анимациялық фильм: «Даригер Дана» – Rio Production YouTube арнасы;
Үздік спорт комментаторы: Есей Жеңісұлы – Qazsport телеарнасы;
Үздік тележурналист: Айгерім Мұздыбаева – «Еуразия» бірінші арнасы;
Үздік тележүргізуші: Светлана Булатова – КТК телеарнасы және Еркін Байғабылұлы – «Хабар 24» телеарнасы.

Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін арнайы сыйлық «31 арна» телеарнасына берілді.

Сыйлық иегерлеріне Қазақстан телевизиясының дамуына қосқан үлесі үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге ақшалай сыйлық берілді.


Бұл мәтін Informburo.kz сайтынан көшірілген

Поделиться:
Наверх

Қазақ орындаушыларының аккордтар және әндер сайты